Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венесуэлалық оппозиция жетекшісі Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығын табыстады

Фото: The White House

Венесуэлада оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо Ақ үйде өткен жабық кездесуде АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін табыстағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мачадоның айтуынша, Трамппен алғашқы кездесу 15 қаңтарда өткен. Ол кездесуді "венесуэлалықтар үшін тарихи күн" деп атады. 

“Бұл медальді Трампқа Венесуэладағы бостандық үшін күресті қолдағаны үшін табыс еттім. Бұл алғыс ретінде берілген символдық ишара”, – деді Мачадо. 

Дональд Трамп кездесу өткенін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ол венесуэлалық саясаткерге сапары үшін алғыс білдірді.

“Венесуэладан келген Мария Корина Мачадомен кездесуім мен үшін үлкен мәртебе. Ол көп қиындықтан өткен тамаша әйел. Мария маған өз жұмысым үшін Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін табыстады. Бұл өзара құрметтің әдемі белгісі болды”, – деп жазды Трамп.


Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады


АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарды Венесуэладан тез арада кетуге шақырды


АҚШ-тың Венесуэлаға операциясынан 100 адам қаза тапты – Венесуэла билігі


Нобель комитетінің ұстанымы

Бұған дейін комитет Нобель бейбітшілік сыйлығы лауреаты басқа адамға берілмейтінін мәлімдеген еді. 

“Нобель сыйлығы бір адамға берілсе, оны басқаға өткізуге немесе қайта рәсімдеуге болмайды. Бірақ медальді зат ретінде біреуге сыйға тартуға болады. Медаль сыйға тартылуы мүмкін, бірақ лауреат мәртебесі өзгермейді”, – деп жауап берген Нобель бейбітшілік орталығы.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроға есірткі саудасына, терроризммен байланысқа және қару-жараққа қатысты ауыр айыптар таққан. Нью-Йорктегі сотта ол өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзін әлі де Венесуэланың заңды президенті деп мәлімдеді. Ал Каракас бұл әрекеттерді мемлекеттік егемендікті бұзу деп бағалап, халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың әрекетіне баға беруге шақырып отыр.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 16 Қаңтар, 2026 15:57