Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: Дүниежүзілік соғыс және жерден тыс өркениетпен байланыс

Фото: Красимира Стоянованың жеке мұрағатынан алынған

2026 жылы адамдар жерден тыс өркениетпен байланыс орнатуы мүмкін, сондай-ақ “жаһандық державалар” бір-біріне қарсы шығатын үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі бар. Мұндай болжамды болгарлық көріпкел Ванга өзінің “болжамдар күнтізбесіне” жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер болгарлық көріпкел Ванга әженің (шын аты – Вангелия Гуштерова, 1911–1996 жылдары өмір сүрген) “болжамдар күнтізбесіне” үңілгенде таңғалды. Марқұм сәуегей келер 2026 жылға ғаламдық ауқымдағы ең драмалық оқиғаларды белгілеп кеткен. 

Ұлыбританиялық Daily Mail мәліметінше, көптеген ғалым Ванга әже сипаттаған болашақ көрінісінің шынайылығына күмәнмен қарайды. Алайда скептиктердің пікіріне қарсы дәлел де бар, оның бұрын орындалған болжамдары – ковид індеті, 2001 жылы Нью-Йорктегі зәулім ғимараттардың ұшақтар арқылы жарылуы. Ванганы жанкүйерлері “Балқан Нострадамусы” деп атайды, ал бұл оқиғаларды ол әлі 1990-жылдары-ақ болжаған.

Фото: GLOBAL LOOK PRESS

Ванга салған болашақ бейнесінде үміт сыйлайтын тұстар да бар. Мәселен медицина саласында үлкен серпілістер күтіледі, бірақ олардың нақты қашан болатынын көріпкел нақтыламаған. Атап айтсақ, адамдар қатерлі ісікпен күресуді үйренеді, тіпті адам ағзаларын (жүрек қоса алғанда) жаппай трансплантациялау жолға қойылады. Мамандардың пікірінше, Ванга әженің медицина саласындағы болжамдары көбіне дәл келген. Расында да, бүгінде қан талдауы арқылы қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік бар, демек, бұл ауыр дертпен күресу жолы да ашыла түсті.

Ал ғарыш зерттеумен айналысатын ғалымдарға Ванга белгілеген мерзімдер шындыққа жанаспайтын сияқты көрінеді. Сәуегей адамдар 2028 жылы-ақ аса ыстық Венера планетасының энергиясын пайдалануды үйренеді деп болжаған. Daily Mail тілшілері сұхбаттасқан сарапшылар “Бұл мүмкін болу үшін мұндай іске дайындық қазірден басталуы керек еді” деп мәлімдеген еді.

Фото: buradaki/Shutterstock/Fotodom

Айта кетейік, көріпкел өз болжамдарын ауызша айтқан. Алайда олардың барлығы көмекшілері тарапынан мұқият жазып алынған. Сондықтан 2026 жылға қатысты болжамдарына белгілі бір деңгейде сүйенуге болады. Әрине, егер сіз көріпкелдерге сенсеңіз.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 02:13