Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина иммунитетті нашарлатады деген хабарлама қазақстандықтарды шошытты

Әлеуметтік желілерде вакцина салғызғаннан кейін адамның иммунитеті төмендейді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Вакцинаның өзі вируспен күрескенмен, иммунитет нашарлайды деген ақпарат қазақстандықтарды шошытты. Ақпаратта вакцинаны бір салдырған адам болашақта екпесіз өмір сүре алмайтыны айтылады. 

Ақпарат өтірік болып шықты. ҚР ДСМ ҚБК медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы және иммунолог Павел Дерягин ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 



“Бұл мәлімет мүлдем дұрыс емес. Алдымен, иммунитетт реакциясы өте ерекше екенін атап өткеніміз жөн. Антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесуі ерекшелігі жағынан екінші биологиялық өзара әрекеттесу болып табылады. Демек, вакцинация айырықша иммунитетті тудырады. Бұл иммунитет вакцинада қолданылған иммуногенге қарсы бағытталған, яғни ол басқа инфекциялардан қорғамайды және басқа иммуногендерге иммундық реакция тудырмайды. Менің ойымша, вакцинация иммундық жүйені әлсіретеді немесе оны қорғансыз етеді деп айту сауатсыздық немесе, халықты вакцинациялау процесіне қарсы тұру үшін арнайы жасалған жалған ақпарат”, – дейді Дерягин. 

Талқылау