Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы ұлының адам өлтіргеніне сенбей отыр

Жамбыл ауданының тұрғыны, күдікті  Мұрат Оңалбаевтың анасы  ұлының аталған қанды қылмысқа қатысы бар дегенге мүлдем сенбейді. Қайғыдан қан жұтқан ана, ұлы Мұрат әлдебіреудің арбауына түсті деп күдіктенеді.

20161006182223

Алматы облысында дүйім жұртты шулатып, үш бірдей азаматты жауыздықпен өлтірді деген күдіктінің анасы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді. Анасының сөзінше, ұлы Мұратқа  ауылдың  танысы қоңырау шалып, базардан алған малын түсірісіп жіберші деп көмек сұраған. Мұрат бірден сол қоңырау шалған адамға кеткен. Бірақ, анасы кімнің қоңырау шалғанын білмеймін дейді.

«Тек  адам өлтіреді дегенге мүлдем сенбеймін. Алтын көрсе періште жолдан таяды дейді, бәлкім саған бірдеме береміз деп, соған ілесіп кетті ме, білмеймін. Қайдан білейін, ол тек еруші», – дейді Мұраттың анасы.

20161006162838

Мұрат Оңалбаев бұған дейін көлігімен адам тасып күнелткен екен. Үш баланың әкесі. Үшінші  топтағы мүгедек екен. Бір көзі кемтар. Бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Ал үш азаматты жауыздықпен өлтірді деген қанды қылмысқа қатысы бар деп ұсталған Талғат Сүлейменовтің де үш баласы бар екен.

Жалпы мал баққан шаруалар мен мал сатқан саудагерлерге базарда бұған дейін де бірнеше мәрте шабуыл жасалғаны айтылып жатыр. Мәселен, Есболат Мағаз есімді саудагер өзінің 4 млн теңге ақшасынан бірер минуттардың ішінде айырылып қалғанын айтады. Бірақ полицияға арызданғанымен нәтиже жоқ.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда төрт күн бұрын жоғалған бойжеткен аман-есен табылды

«Болашақпен» Америкаға оқуға кеткен жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қос бүлдіршін әкелерімен бірге көшеде түнеп жүр

Талқылау