Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Алматы облысында үш ағайындылар – Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарлыхан мен Әлімхан Қаділбектерді өлтірген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Bezymyannyy-71-1

Бас күдікті Талғат Сүлейменовті өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Олжазасын ерекше режимдегі колонияда өткізеі. Басқа қылмыскерлер Мұрат Оңалбаев 25 жылға кесілді.

Оңалбаев та ерекше режимдегі абақтыда жазасын өтейді. Ауыр қылмысқа куәгер бола тұра ешкімге хабарламаған Бақыт Байқасымов 4 жылға сотталды. Бұдан бөлек, сот Сүлейменов пен Оңалбаевты өлтірілген әр азаматтың отбасына моральдық шығын үшін он миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттеп отыр.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

Талқылау