Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзақ жұмыс күні әйелдерді обыр және өзге ауруларға шалдықтырады

Қызметтік мансабына көп уақытын бөлетін әйелдер денсаулықтарынан айырылуы мүмкін. Жұмысбастылық нәзік жандардың бойында онкологиялық ауруларды тудырып, жүрекке салмақ салатынына Огайо штатындағы университеттің ғалымдары зерттеуден соң  көз жеткізген.

kvinde_har_travlt

Сурет: our-woman.ru 
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ғалымдардың айтуынша, отыз жыл бойы аптасына 60 сағат жұмыс істеп келген әйелдер сусамыр, Обыр, жүрек ауруы және артритке шалдығатын көрінеді.

Жұмыс уақыты аптасына  40 сағаттан асқан жағдайда аурудың қауіптілігі артып, 50 сағаттық межеге жеткен кезде күрт дамиды.

«Әсіресе бірнеше жұмысты қатар алып жүретін болса, ол түрлі аурулар мен мүгедектікке әкеп соғады», – деп атады зерттеу авторы, профессор Аллард Дембе.

Оның зерттеу жұмысына жалпы саны 7,5 мың ер мен әйел қатысқан. Зерттеу нәтижесі Journal of Occupational and Environmental Medicine журналында жарияланып отыр.

Ал ерлерге келер болсақ, зерттеудің мәліметтері бойынша,  олар әйелдерге қарағанды мықтырақ болып шықты. Ғалымдар оларда артриттің дамуы басым екенін айтады. Олар үшін 41-50 сағаттық жұмыс аптасы ең тиімді саналады. Ал әйелдерге қайта оралсақ, ғалымдардың айтуынша, нәзік жандарға аурудың үйірсек болуына жұмыс пен үй тірлігінің арасында тепе-теңдіктің жоқтығына байланысты стреске түсуі себепкер екен

Бұған дейін жүргізілген зерттеулер дәлелдегендей, артық жұмыс істейтін, асқазан мен ұйқы мәселелері мазалайтын жандар жиі өндірістік жарақат алып қалатын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар: Қырықтан асқан адамдар аптасына 3 күн жұмыс істеуі керек

Талқылау