Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған коцерті үшін 6 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Одан бөлек, олар 91 тобына қарсы шығып, митинг ұйымдастырған жергілікті өнерпаздарды және орталық стадион басшылығын сотқа бермек.

14350812_1803111663235605_1664970556_n

30 қыркүйек күні Ақтөбедегі орталық стадионда атышулы Ninety one (91) тобының концерті өтуі тиіс болатын. Концертке бірнеше күн қалғанда Ақтөбе облысының бірқатар өнерпаздары бас қосып, топтың концерт өткізуіне наразылық танытты. Олардың жас өнерпаздардың имиджіне көңілі толмаған. Өнер иелеріне жас жігіттердің шаштарын түрлі-түске бояп, беттеріне опа-далап жағып, құлақтарына сырға тағуы ұнамаған. Ақырында алдын ала хабарланып, билеттері сатыла бастаған концерт өтпей қалды.

Енді концерт ұйымдастырушылары өтемақы ретінде 6 миллион теңге талап етіп отыр, деп хабарлады Timeskz.

“Біз стадионмен және бүкіл елдің атынан сөйлеген бірнеше адаммен соттасамыз. Олар жергілікті музыканттар. Бәрін де танимыз. Олар да біз сияқты концерт ұйымдастырушылары. Бізге жарылыс жасаймыз деп қорқытты. Қауіпсіздік мақсатында біз де концерттен бас тарттық. Шамамен 5-6 миллион теңге көлемінде шығынға баттық, әншілерге алдын ала ақша төледік, жарнамаға жұмсалған қаржы бар. Оған 14 адамға тапсырыс берілген қонақ үй мен кері қайтарылған ұшақ билетін қосыңыз. Ninety One тобы Ақтөбеге сол күйі келе алмады», – деді өзін Алмас Жарасханұлы деп таныстырған концерт ұйымдастырушысы.

Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар сатылып кеткен билеттердің ақшасын бір аптаның көлемінде қайтаратындарын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз: 

“Ninety one” әншісі: Қазақтың қаны таза болғандықтан, елімізде сұлу қыздар өте көп

Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Талқылау