Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне жылан кіріп кетті

Австралияның Квинсленд штаты, Рэнджвуд қаласында ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне жылан кіріп кеткен.

Бұл туралы Central Telegraph басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Адель Маллард (Adele Mallard) ұйықтап жатқанда бірдеңенің жыбырлап жатқанын сезген. Ұйқыдан тұрған әйел жанында жатқан жыланды көріп шошыған.

«Мен ұйықтап жатқанда қозғалдым, меніңше бұл жыланға ұнамады, ол мені шағып алады деп ойладым және оның қозғалысынан оянып кеттім», – дейді әйел.

Адель күйеуін шақырып, ол жыланды жастықтың тысымен ұстап алған. Бұдан кейін ерлі-зайыптылар қайтадан ұйқыға кеткен.

«Біз мұндай қорқынышты шабуылдан кейін қалай ұйықтап кеткенімізді білмейміз. Шынында, мен негізі өрмекшілерден қорқамын. Меніңше бұл өрмекші болғанда бәрі бұдан да қиын болуы мүмкін еді», – дейді Адель Маллард ағынан жарылып.

Кәсіби жылан аулаушы Дэвид Барвелл (David Barwell) ұсталған жыланды анықтап білді. Бұл ұзындығы 100-140 сантиметрге дейін өсетін және адамдарға еш зияны жоқ усыз жылан.

Қараша айында Индонезияда пойыз вагонына кірген жыланды жолушы өз қолымен өлтіргені туралы хабарланды.

Жіберіп алмаңыз:

Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)

«Операция Ы» фильмінің жұлдызы: Басымды кесіп, қайтадан тігіп берді

Қабір қазуға бүкіл ауыл жиналды: Ақтөбедегі трагедия өзбек халқының қабырғасын қайыстырды

Мұз астына түсіп кеткен зейнеткер құтқарушыларға өзі қоңырау шалған

Талқылау