Үйлерде, көліктерде көк туымыздың желбіреп тұрғанын көргенде қуанып қаламын – Тоқаев

Фото: F16.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында мемлекеттік туды көлікке қойып жүруге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазір қоғамда "мемлекеттік туды қайда және қалай пайдалану керек" деген мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл процесс арнайы норма мен ереже арқылы реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді жеңіл, қалай болса солай қолдануға болмайды. Дегенмен патриотизм көрініс тапқан сәтте, қолдау қажет", – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар туды үлкен сахнаға алып шығып, үйге ілгенін көргенде қуанатынын жеткізді.
"Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ елдегі, әсіресе шетелдегі спорттық шараларда көк туымыз желбіреп тұрғанын көргенде қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді", – деп қосты президент.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"