Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйленгісі келіп жүр": Құралай Анарбекова блогер NNN-мен не байланыстыратынын жасырмады

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова танымал блогер Нұрдәулет туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nnnurdaylet/

Өнер иесі блогер екеуінің арасындағы махаббат туралы әңгіменің қайдан шыққанын түсіндірді. 

"Біріншіден, мен оны қатты сыйлаймын. Біз жақсы доспыз. Біз "Вакцина от коррупции" фильмін түсіргеннен кейін маркетинг жағын соған тапсырғанмын. Ол бұл іспен айналысып жүрген кезде бірге көп жерге барып жүрдік. Сол кезде екеумізді қоса бастады. Біз растаған да жоқпыз, жоққа шығарған да жоқпыз. Шамалы фильмге де ықпалы етті. Қазіргі тілмен айтқанда хайп жасадық. Өзімізге тиесілі рөлдерді сомдап жүргендей болдық. Менің жобаларыма қолғабыс етеді. Жақында "Брат или брак" фильмім жарыққа шығады. Оның да маркетинг жағын Нұрдәулет өзінің мойнына алды. Демек, әлі де бірге жүреміз. Бірақ арамызда ештеңе жоқ. Тек достық, жақсы арақатынас, жұмыс. Мүмкін болашақта да жұмыс істерміз. Өйткені ол бала үйленгісі келіп жүр. Әлеуметтік желілерден де көремін. Мүмкін қызы да бар шығар. Оған кедергі келтіргім келмейді. Жолын байлағым келмейді. Қызына халық менімен қосып жатқаны ұнамайтын да шығар", – деп ақталды актриса. 



Желі қолданушылары актриса мен блогердің жас айырмашылығын жарыса жазып жатыр. 

“8 жас үлкен болса да, анасы сияқты болып тұр”, “Екеуі мүлдем үйлеспейді”, “Ерке мен Райм сияқты жүреді”, “Бір-бірін жақсы түсінетін жұп болар едіңдер” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Құралай Анарбекова “Мисс Ақтөбе” болғанына өкінетінін жазған едік. 

Талқылау