Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіміздің төбесінде бассейн бар": Малайзияға көшіп кеткен танымал блогер шетелдегі өмірін көрсетті

Әлеуметтік желіде “жолаяқ” тойын жасап, шетелге қоныс аударған танымал блогер Камила Әділхан шетелдегі өмірін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/e.kamik/

Мағжан мен Камила – “Қалаулым” бағдарламасы арқылы танылған жұп. Бүгінде бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырған блогер отбасы. 

“Шетелге көшіп кеткеніме әлі сене алмай жүрмін. 10 күннен кейін елге қайтатын сияқтымыз. Қазір үйімізге керек-жабдықтар алып жатырмыз. Негізі көшуіміздің үш басты себебі бар: Біріншісі, білім алу, екіншісі, миллиардер бизнесмендерді зерттеу, үшіншісі жас отбасы болғасын балаларымыз кішкентай кезінде шетел көрсін дедік. Жас кезімізде қыдырып, шетелде тұрып, жаңа деңгейге көтерілгіміз келді”, – деп жазды блогер. 



Сонымен қатар, жалға алып жатқан үйіне рум-тур жасады. Айтуынша, арманындағы баспанаға қол жеткізген көрінеді. 

“Үйіміздің төбесінде аквапарк, бассейн, балалар ойын алаңы бар. Өзіміз 37- қабатта тұрамыз. Екі кіреберіс пен жеке өзімізге арналған лифт бар. Мені қатты таңғалдырды. Бұл жақта баға өте төмен. Барлық үйге керек техникаларды осы жерден алып жатырмыз. Үйіміздің жанында 200-ге жуық сауда орындары бар. Солардан күн сайын біртіндеп тасып жатырмыз. Еліміздегі тұрғын үй кешендері осындай деңгейге жетсін”, – дейді жаңа қоныс иелері. 

Еске салайық, блогер отбасы бұрын-соңды Малайзия еліне барып көрмегендерін айтқан еді. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 20 Ақпан, 2024 08:52