"Үйіме ұры түсті" деп шағымданған қазақстандық қылмыстық жауапқа тартылды

Таразда “үйіме ұры түсіп, тонап кетті” деген әйел жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарақшылардың құрбаны болдым деп шағымданған әйел полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бетперде таққан ер адам әйелдің үйіне кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын мен ақшасын ұрлаған.
“Ауыр қылмыс туралы хабар дереу қарауға алынды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, жедел қызметтер тартылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда кейін ешқандай шабуыл болмағаны белгілі болды”, – деп мәлімдеді полиция.
Анықталғандай, әйел күйеуімен жанжалдаспас үшін тонау туралы оқиғаны ойдан шығарған. Ол бірнеше ай бұрын алтын әшекейлерін күйеуіне айтпай сатып жіберген.
Аталған жағдайда қасақана жалған қылмыс туралы хабарлау фактісі бойынша тергеу басталды. Полиция бұл әрекеттің қылмыстық жауапкершілік екенін ескертті.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді