Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіме келіп, жылап отыратын": Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның қиналған сәтін есіне алды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы шәкірті болған Ерке Есмаханның ұзақ уақыт бойы эстрадада жолы болмағанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/bayanyessentayeva

Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын  жасырмады. 

“Жанар Дұғалованы “Алтын қыз” деп атадым. Бағымға көрсетіп, мықты дауыс иесі екенін бірден білдім. Ол менің алдыма 23-24 жасында келді. Өте ересек, ақыл тоқтатқан қыз болды. Алайда қыздарымның ішінен жұлдызды сәтін ұзақ күткен Ерке Есмахан болды. Ол көп еңбектенсе де, жолы болмай жүрді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Бірақ соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", - деді продюсер "Din Dina Show" бағдарламасында.



Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова өнердегі бағын ашқан Баян Мақсатқызымен араласпай кеткен еді. 

“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болса да, ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік”, – деген еді Мөлдір Әуелбекова. 

Талқылау