Уэльсте имам жастарға секс-құлдық иеленуге болатынын айтқан
Уэльстің Кардифф қаласындағы Аль-Манар мешітінің имамы Али Хаммуд жастарға уағыз айта отырып, исламда төсек қатынасы үшін құлдық ететін әйел ұстауға болатынын айтты.
Сурет: ru.focus.lv
Ол ақырзаман жақындағанда күңдердің өз иелерінен бала босанатыны жайлы хадисті сөз еткен.
«Ақырзаман жақындағанда бүгінгідей соғыс көбейеді. Әйелдер мен балаларды, күңдерді тұтқынға алады. Сол кезде иелері күңдерімен жақын қатынас жасай алады. Ол дінде күңнің әйелі есебінде болғандықтан онымен төсек қатынасында болуға рұқсат берілетінін айтады».
Имам ақырзаман орнағанда балалардың аналарына күң ретінде қарай бастайтынын да сөз еткен.
Жергілікті басылымдар имамның сөзі жайлы ешбір мұсылман ғалымдары жазбағанын, олардың жазбасында адамды тіпті құлдықта ұстауға болатыны жөнінде де жазылмағанын ескертеді.
Sunday Express басылымы имам Али Хаммудтың экстремисерге қатысы барын, 2014 жылы үш британдық азаматты Сирияға аттандырған осы имам екенін жазады.
Жіберіп алмаңыз:
Науруда құлдыққа тыйым салып, гомосексуалдық пен суицидке рұқсат берілді
Ресейден асырап алынған америкалық бала секс-құлдыққа салынған