Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науруда құлдыққа тыйым салып, гомосексуалдық пен суицидке рұқсат берілді

Науру құқрыл державасының билігі  елдегі Қылмыстық кодекске айтарлықтай толықтырулар мен өзгерістер енгізді.  Заң бойынша енді Нуруда өз-өзіне қол жұмсауға, гомосексуалдарға еркін жүруге рұқсат етілді.науру

Бұл жайлы ВВС басылымы жазды.

Бұдан бөлек Науруда енді  құлдыққа заң бойынша тыйым салынды. Әйелдерге жаңа туылған балаларын өлтіруге, отбасылылар арасында сексуалдық мінезде қысым көрсетуге шектеу қойылды.

Науруда 19- ғасырдың соңында қабылданған заң биыл бірінші мәрте өзгертіліп отыр. Сондай-ақ елде  жасанды түсік жасатуға тыйым салынады. Халықаралық көптеген ұйымдар Науру  тынықмұхиты жанындағы елдерге осы заңдарымен үлгі бола алатынын айтып жатыр. Онда негізінен гендерлік теңдік сақталып, бір жынысты ғашықтарды қорғау көзделген.

Құқық қорғаушылар Науруда өзгертілген заңдар әлі де болса толық емес деген пікірде. Олардың ойынша өзгертілген заңдар елге келген босқындардың өмір сүру деңгейін жеңілдетуі екі талай.

Ел билігі Науруға заңды түрде кірген босқындардың өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылу оқиғасы бірнеше реет қайталанғаннан кейін, осы заңды алып тастауды дұрыс көрген.

Науру – Тынық мұхиты жанындағы құрлықта орналасқан ел. Оның аумағы 21 шаршы  километрді құрайды. Халқы-10 мың адамнан тұрады.

 

 

Талқылау