Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде жалғыз қалғанда: Жасөспірім үйіне түскен ұрыны ұстауға көмектесті

Үйде жалғыз қалғанда: 12 жастағы бала үйіне түскен ұрыны ұстауға көмектестіФото: Ru.freepik.com

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында жасөспірім өз үйіне түскен ұрыны ұстауға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Медфорд қаласының 12 жастағы тұрғыны Тристен Тейлор 23 желтоқсан күні күндіз үйде жалғыз қалған. Бала өз бөлмесінде отырғанда сынған әйнектің дыбысын және ас үй жақта біреудің жүргенін естіген. Тейлор терезеден түсіп, үйдің ішінде бейтаныс адамның бөлмелерді аралап жүргенін көріп, бірден полицияға хабарласқан.

Полиция қоңырау түскен мекенжайға үш минуттан кейін  жеткен. Құқық қорғау қызметкерлері үй ішінен ұрыны тауып, оны ұстады. Ол 53 жастағы үй-күйсіз жүрген Кристиан Гарсия болып шықты. Болған жағдайдан кейін Тейлор анасына хабарласып, болған жайтты айтып берді. Алайда әйел ұлын қалжыңдап тұр деп ойлаған.

"Оның сабырлы сөйлегені сонша, алғашында қалжыңдап тұр деп ойладым. Кейін ол телефон тұтқасын полицейге бергенде ғана оның әзілдемегенін түсіндім”, — деді баланың анасы.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 17:01