Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Үйде жалғыз қалдырған”: Солтүстік Қазақстан облысында қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды

5 жасар қыз өртте қаза таптыФото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында өрт кезінде қаза болған бес жасар қыздың анасы ұсталды. Ол қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенатта ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Әйелге кәмелетке толмаған баланы қауіп-қатер жағдайында қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Солтүстік Қазақстан облысында анасы баласын үйде қалдырып кеткен, содан кейін өрт шықты. Біз баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ауыл тұрғыны қамауға алынды, қылмыстық жауапкершілік көзделген", – деді Санжар Әділов.

Ольшанка ауылында 18 қаңтар күні кешке жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан бес жасар бала көз жұмды. Өрт кезінде қыз үйде жалғыз болған.

Қызылжар ауданы әкімдігінің мәліметінше, отбасы әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз ретінде есепте тұрмаған. Қазіргі ақпарат бойынша, қыздың анасы 32 жаста, ал оның азаматтық некедегі күйеуі 30 жаста.



Еске салайық, бұған дейін 18 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылындағы үйден өрт шығып, салдарынан үйде анасы қамап кеткен 5 жасар қыз көз жұмғаны туралы жазған едік.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 12:41