"Үйде ерің болмағасын қорқынышты": Мөлдір Әуелбекова жер үй сатып алды
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жер үйге көшетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің сөзінше, балалары көпқабатты үйді ұнатпай жүрген көрінеді.
“Жер үй алдық. Ақшасын кеше төлеп қойдық. Бүгін Гүлназ екеуміз барып, үйді көреміз. Бізбен бірге болыңыздар! Үйге жүргізілетін жөндеу жұмыстарын түгел көрсетеміз. Дайын жер үй болып есептеледі. Бірақ ішін өзгертемін. Бұдан үлкен үй алуға батпадым. Жалғыз басты ана болғасын әрі үйде ер адам болмағасын қорқынышты. Бұйырса, үлкен үйді ұлыма алып беремін. Пердеден бастап түгел өзгертіп, өзіміздің қалауымызша жасап аламыз”, – деді әнші.
-
"Ұлдарының көзінше киімсіз жүреді": Мөлдір Әуелбекова аналарға үндеу жасады
-
"Дәті жетпей жүр": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Еске салайық, өнер иесі Алматының қақ ортасынан құны 60 миллион теңгеге пәтер алған еді.
“Пәтер алып, құрылысын жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды. Есесіне 80 миллион теңге шығын кетті. Пәтер құны 60 миллион болса, 20 миллион теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалды”, – деді өнер иесі.

"Қазақша мәзір сұрағаным үшін қуып жіберді": Алматыда қонақтарға дөрекілік көрсеткен дәмхана сынға қалды
