Ар-ұятты сатып ала алмайсың, балам: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді
Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына желіде жауап берді.
Айта кетейік, 2 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына Тұрсынғали Алагөзовтің атына баласы Әрсен Алагөзовтен арыз түсті. Әрсен Алагөзов әкесі мен онымен бірге тұрып жатқандарды үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған.
“Мен саған ешқандай да кек сақтамаймын. Уақыты келгенде бәрін түсінесің. Мен сенің қиын жағдайда қалғаныңды қаламаймын. Әркез қолымнан келген көмегімді жасаймын. Сені әлі де жақсы көрем. Бұл жай ғана пәтер ғой. Оны айырбастауға да, сатып алуға да болады. Ал, ар мен ұятты сатып ала алмайсың. Осыны есіңде сақта”, – деп жазады Тұрсын Алагөзов.
Алагөзов таласқа түскен пәтердің суретін жариялады.
Тағы да оқыңыз:
Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді (видео)
Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды
Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты