Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы байланыс абоненттерінің қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізілді

Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қояды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.

“Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл — негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің “минус” болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз”, — деп түсіндірді Абаев.Сондай-ақ, министр бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде “beep” қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылатынын атап өтті. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.

“Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз”, — деп түйіндеді ол.

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз:

Псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Ақтөбедегі адам өлімі: Әкімдік күзетшісінің өз-өзіне қол салғаны белгілі болды

Журналист Баянның фильмі жайында: Киемен ойнауға болмайтынын, киенің ұратынын ойлау керек еді

Талқылау