Үй 170 миллион теңге тұрады: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап соққан құрылыс компаниясына қатысты соттың қалай өтіп жатқанын айтты
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін алып, орнына үй беремін деп алдап соққан құрылыс компаниясына қарсы сот процесінің қалай өтіп жатқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Әбдікәрімова желідегі парақшасында өзінің аппеляциялық шағымы бойынша онлайн режимде өткен бірінші сот отырысынан видео жариялады.
“Менің аппеляциялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Өйткені ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда қарсы тарап еш дәлелсіз сотта жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттер орын алды”, – деп жазды актриса.
Жұлдыз Әбдікәрімова келісімге келуге дайын екенін білдірсе де, құрылыс компаниясы оның үйдің барлық құнын төлемегенін алға тартқан.
“Үйге толық төлем жасалмаған” деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын 2 жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сомма өтелген. Үйге толық төлем жасалғаны туралы, үйіме қоса паркингімді сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегені жайында келісімшарттармен түбіртектер бар”, – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Актрисаның құрылыс компаниясынан сатып алған үйдің құны шамамен 170 миллион теңге екен.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен баспанасыз қалғаны туралы жазған едік.