Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұтыс санын түсінде көрген канадалық лотереядан төрт миллион доллар жеңіп алды

Канададағы Жаңа Шотландия провинциясының тұрғыны лотереядан төрт миллион доллар ұтып алған. Айтуынша, ол ұтыс санын 1989 жылы біліп қойыпты.

o-I-baHwLUX.

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.

Ольга Бено желтоқсан айының ортасында 5,3 млн канада долларын құрайтын джекпот ұтып алады. Осы уақытқа дейін ол 27 жыл бойы лотерея билеттерін сатып алып, тек бір ғана сан комбинациясын толтырып келіпті. Ол сандарды 1989 жылы мамыр айында түсінде көрген екен.

“Мен ол сандарды жатқа білемін. Ал түсімде сол сандарды телеэкраннан көріп жатқандай әсерде болдым”, – дейді Бено.

Келесі күні ол әпкесімен газет қарап отырып, телефон арқылы сөйлеседі. Нөмірдің соңынан ол таныс сан комбинациясын байқап қалады.

“Мен осы лотерея ұттым-ау деймін деп айттым әпкеме. Ал ол болса, өтірік айтуыңды қойған кезде маған қайта хабарласарсың деп тұтқаны қоя салды”, – дейді жеңімпаз.

Он жыл уақыт бұрын Ольга Бенодан рак ауруы табылады. Аурумен күресу үшін ол үйін сатып ақша төлейді. Енді ол лотереядан ұтқан ақшаға жаңа баспана алуды көздеп отыр.

Оқи отырыңыз:

Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)

Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)

Талқылау