Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үстілеріне сұйықтық құйып, өртеп жіберді": Мәскеудегі теракт куәгерлері шабуыл жасағандардың өте мықты дайындықпен келгенін айтты

Ресей тергеу комитетінің соңғы мәліметтері бойынша Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлда" болған шабуылда қаза тапқандар саны 152 адамға жетеді. Қазір теракт ұйымдастырғандар ұсталды. Жантүршігерлік оқиғаның куәгерлері жағдайдың мән-жайын және қалай аман қалғандарын айтып берді. Сонымен қатар куәгерлер лаңкестік шабуылды украиндықтардың ісі деп болжау екіталай екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сибирь.Реалии-ге сілтеме жасап хабарлайды.


Фото: Tass

“Адамдарды тамақ ішіп жеп жатқан жерінен оқ атты"

"Досымыз екеуміз концертке тақалған уақытта келіп жеттік. Сағат ол кезде – 19:30. "Крокус Сити холлдың" алдында адамдар бес қатарға тізіліп тұрдық. Себебі көрермендер металл детекторлардан өтіп қана қоймай, сөмкелерін ашып көрсетті. Тексерістен өткеннен кейін бірінші қабаттан төмен тағы бір қабатқа түсіп, гардеробқа киімдерімізді бердік. Тамақ ішкіміз келген ойымыздан бас тартып, концерт залына бет алдық. Өйткені онсыздар кешіккен адамдар, концерт уақытын жіберіп алғымыз келмеді”, – деді куәгер.

Ер адам кейін сол төмендегі барлардың жанынан өтуді ұйғарған. Алайда бірнеше адамның оққа ұшып, жерде жатқанын көріп, шошып кеткен.

"Сұмдық. Әуелде концерттің сағат сегізде басталып, кешіктірілуіне көңіліміз толмап еді. Мүлде уақытында басталмайды деп наразы болдық. Сол уақытты пайдаланып тамақ ішіп алғымыз келді. Алайда қорқынышты көріністі көрген сәтте абдырап қалдық. Барда отырған адамдарды тамақ ішіп жеп жатқан жерінен оқ атты. Бәрі кенеттен басталды. Алдымен кіреберіс жақтан оқ атылды. Содан соң адамдар сахнаның жоғары жағына жүгірді. Келген қонақтар үшін қауіпсіз болып көрінді", – деді Игорь.

Ол бұған дейін Иркуст облысында тұрып, кейін Мәскеуге көшіп келген.

“Басқалар секілді бізде қаша жөнелдік. Айнала көк түтінге оранды. Белгісіз бір жерден террористтер шықты. Залда отырғандардың басына оқ атты. Қандай күштің көмегімен сыртқа шыққанымызды түсінбей қалдық. Сол кезде қанпезелерден алыс жерде тұрғанымызға қуандық. Есімде қалғаны, әуелі дәретханаға тығылуды жөн көрдік. Есікті ашып қалсақ, онда өлген адамдар жатыр. Барға қарай бет алсақ, онда да адамдардың мәйіті жатыр. Азарда-безер болған сәтімізде ғимараттың ішінде өрт басталды. Демалуға мұршам болмады. Крокус холлды жақсы білетін ер адамның артынан жүре бердік. Осылайша, сол жерден қашық жерге кетуді ойладық. Көлігімізге отырып, бас ауған жаққа кеттік. Ең бірінші полицейлер мына жерге үймелеп келіп алады, тез қаштық деген ой келді. Әйтсе де, біз террорист емеспіз?! Гардеробта қалған киімізді қалдырып кетсек те, үйге қарай қаштық. Қазір ешқайда шығуға мұршам жоқ. Таяу аптада сыртқа шықпаймын. Жұмыстағылар түсіністік танытып, еңбек демалысын берді", – деді оқиға куәгері.

 

"Әркім өз басын ойлады"

Мәскеудің тағы бір тұрғыны Ольга атыстан бөлек, граната лақтырылғанын және түтін шығаратын бомбалардың атылғанын көрген. Ол терриристтердің адамдардың үстіне сұйықтықты құйып, оларды өртеп жібергенін айтты.

"Концертке күйеуімізден кешкі сағат 19:00-де бардық. Ал 19:30/19:40-та біз залда отырдық. Атыс екінші қоңыраудан кейін басталды. Қолымызда бельэтажға билеттер бар еді. Алдымен сахна артынан атыстың дауысы естілді. Фойеде оқ атылды. Жолдасым екеуміз бір-бірімізге қайта-қайта қарап, не болып жатқанын түсінбедік”, – деді Ольга.

Ол осы кезде балконнан адамдар құлап жатқанын еске алды.

"Террористтер өлтіріп жатыр" деген айқай-шу естілді.  Бірінші қабаттағы партерде қаруланған топтың кіргенін бірден түсіндік. Олар партердегі адамдарды жинап, үстілеріне сұйықтық құйып, өртеп жіберді. Біреуі сахнадан қашып кетуге тырысқанымен, оны сол жерде атып өлтірді. Фойеде бірінші болып, баспалдақтан жүгіріп өткендер де оқтың астында қалды. Біз креслолардың арасында жатып, күтуімізге тура келді", – деді Ольга. 

Ол қайда қашқандарын түсінбей, мең-зең болғанын айтты.

"Дәлізге жүгіріп бара жатқанда, қайда қашып, шығу керек екенін түсінбедік. Эвакуациялық тақтайшалар тұрған жердегі есіктердің бәрі жабық. Ешқайсысы бір-бірін құтқаруға немесе жол көрсетуге жағдайы болмады. Бәрі тым-тырақай қашты. Крокустың іші мүлдем бос болды. Тіпті, ғимарат қызметкерлері, күзетшілердің қайда кеткені беймәлім. Әркім өз басын ойлады", – деді оқиға куәгері Ольга.

Сонымен ол ғимарат ішінде болған адамдардың батыр екенін айтып, көз жасына ерік берді.

"Оқиға кезінде болған адамдар – батырлар. Себебі олар қашқан кезде сүрініп құлаған адамды көтеріп, қолынан демеп, бірге шығуға көмектесті. Мұнда көп мүмкіндігі шектеулі жандар болды. Церебральды сал ауруымен ауыратындар балалардың да қатары көп еді. Барлық ер адам оларды көтеріп алып, сыртқа шығарды. Оларға лайықты көмек беру керек деп ойлаймын", – деді Ольга.

Ольга өрт кезінде ешқандай дабыл белгілері іске қосылмағанын еске алды.

"Біз соңғы болып шықтық. Бұл кезде өрт айналаны тегіс алған еді. Өкінішке қарай сол жерде қалғандардың көбі қаза тапты. Мұнда ешқандай өрт қауіпсіздігі туралы дабыл берілген жоқ. Эвакуация жүйесінің сатылғаны әбден анық", – деп куәгер наразылын білдірді.

Бұдан бөлек Ольга лаңкестердің сырт келбеті қандай болғанын айтып берді.
Оның айтуынша, олардың бойы ұзын және арықша келген. 

"Есімде, олар бетіне әлдебір май жағып алған. Олар бейсболка киіп алғандықтан, жүзі анық көрінбеді. Күйеуім теракт ұйымдастырғандар өте мықты дайындықпен келгенін айтты. Себебі біреуі оқ атып тұрса, екінші қайтадан жарақтап тұрған. Олардың бір-бірінің орнын ауыстырып, оқ жаудырып тұрды. Лаңкестердің жақсы дайындықпен келгенін көруге болады", – деді Ольга.

Еске салайық, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.
Талқылау