Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді

Мейрамбек Беспаевтің ұстазы Алтынбек Қоразбаев көпшіліктің көңілін күпті еткен сауалға жауап берді. Ол Мейрамбек Беспаевтің уақытынан ерте «қайын ата», ал оның жұбайы Мархаббаттың «қайын ене» атануының себебін түсіндірді.

мейрамбек марха

«Өкінішке қарай, Мейірбектің әкесі де, шешесі де о дүниелік болып кеткен. Мейрамбек «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өзінің немере інісін баласындай көріп, үлкен той жасады», – деді Алтынбек Қоразбаев КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сонымен, Мейірбек Беспаев – Мейрамбек Беспаевтің ағасының баласы болып шықты. Жастай ата-анасынан айырылған немере інісін Мейрамбек бауырына басып, әке орнына әке болса, оның жұбайы Мархаббат анасындай қамқорлық танытқан.

Естеріңізде болса, жуырда әнші Мейрамбек Беспаев келін түсіріп, дүркіретіп той жасады. Алғашқыда Қызылорда облысының Шиелі ауданына барып, Рабиға есімді бойжеткенге құда түскен Беспаевтар әулеті артынша келін түсіріп, беташар рәсімін өткізді. Қысқасы, қазақтың салт-дәстүрлерін рет-ретімен орындады. Отау құрған жастар Мейірбек пен Рабиғаның тойы ел арасында қызу талқыға салынды. Оған бір себеп – беташар рәсімінде асаба Мейрамбекті ел алдында «қайын ата», ал оның жұбайы Мархаббатты «қайын ене» деп таныстыруы. Жұрт Беспаевтардың бұл қылығын түсінбеді. «Мейрамбектің әке-шешесі бола тұра мұнысы несі» деп сөкті көпшілік.

Жіберіп алмаңыз: 

Мейрамбек магистратурадағы алғашқы сабақ күндері туралы айтып берді (видео)

Мейрамбек әзілдеспек болған Лұқпанға ыстық қасық басып алды (видео)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Әли Оқапов: Мектеп кезінде достарым болған жоқ

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Талқылау