Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек әзілдеспек болған Лұқпанға ыстық қасық басып алды (видео)

Мейрамбек Беспаев өзге әріптесімен әзілдеспек болған Лұқпан Жолдасовтың қолына ыстық қасық басып алды. Отырғандар күлкіге қарық болып, мұны әлдеқашан әдетке айналдырғандарын байқатты.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев, Лұқпан Жолдасов сынды әріптестері дастархан басына жиналып, әңгімелесіп отырады. Арасында әзіл болсын деген ниетпен Ұлықпан Жолдасов дастархандасының қолына ыстық қасықты басып алады. Әлгі дастархандасы бірден әзіл екенін түсініп, жымиып қана қоя береді.

“Бұл бізге таныс жағдай. Лұқпан ағамның қасында бірге шай ішіп отырған адамның көрген күні осы. Ол кісі ыстық қасық басып ойнағанды жақсы көреді” деп жазылған видеоның тұсында. Бұдан кейін сазгер ыстық қасықты тағы да бір дастархандасына баспақ болады. Алайда Мейрамбек Беспаев сазгер ағасына ыстық қасықты бірінші болып басып үлгереді. Мұны көрген дастархандастары “Ыстық қасық қайтты Лұқаңа. Өмір алма-кезек деген осы ғой” деп күлкіге қарық болады.

Желі қолданушылары сазгердің әзілқойлығы туралы білмесе керек. Олар видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатты. “Өте керемет! Қандай жарасымды болып отырсыздар”, “Менің құрдасым әзілкеш екен ғой”, “Менің күйеуім де үнемі шай ішіп отырған кезде осылай жасайды. Шай құйып беріп, мен қазір ыстық қасықты басып алмасын деп дайын отырамын”, “Қызық әдет екен” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Лұқпан Жолдасовтың мерейтойлық торты бәрінен ерекше болды

Лұқпан Жолдасов мәдениет саласының үздігі атанды

Әншілер сүйіктілеріне берген алғашқы әрі қазір ерсі көрінетін сыйлықтары жайлы айтты

Ғашықтар күнімен қатар туылған жұлдыздар

Талқылау