Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшқыш тізгінді тәжірибесіз серігіне беріп, өзі бизнес класста ұйықтаған

Pakistan International Airlines әуе компаниясының бас ұшқышы ұшу кезінде лайнерді тәжірибесіз серігіне беріп, өзі ұйқыға кеткен.

fdf5ea67-83f7-4030-89bd-3ca76b4f64e6

Бұл туралы Dawn басылымы хабарлайды.

Оқиға 26 сәуір күні болды. Исламабадтан Лондонға бағыт алған ұшақта 305 жолаушы отырған. Сол күні бас ұшқыш – Амир Ахтар Хашми, екінші ұшқыш – Али Хассан Яздани болған. Мұнымен қатар, кабинада тәжірибеден өтіп жүрген тағы да бір ұшқыш болған. Есімі – Мохаммад Асад Али.

Жоспар бойынша, Хашми тәжірибесіз маманға әуеде ұшудың қыр-сырын үйретуі тиіс болатын. Алайда ол лайнерді екінші ұшқын пен тәжірибесіз маманға қалдырып, өзі ұйқыға кеткен. Мұнымен қатар, Яздани де тәжірибесіз ұшқыштың қабілетін тексеру үшін оны креслода бақылап отарған.

Бұл оқиға туралы әлем білмейтін еді. Алайда жолаушылардың бірі бизнес класста ұйықтап жатқан ұшқыштың үстінен арзы жазған.


Жіберіп алмаңыз:

Бүлдіршін шылым шеккен бойжеткенді жігітінің алдында ұялтып тастады (видео)

Алматы облысында тау бөктерінен көне кітаптар табылды

Министр елімізде жылына қанша адам 10 сотық жерге ие болатынын айтты

Сот сәбиді үш мәрте өз еркімен бас тартқан биологиялық анасына қайтарған

Талқылау