"Үшеуіміз": Назарбаев Лукашенкоға Путинмен түскен суреті бар альбом сыйлады
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, бірге түскен суреттері бар альбом сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен арнайы кездесу үшін барған.
"Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа кешке барды. Аман-саулықтарын сұрасты. Үйде әңгіме айтып, маңызды сұрақтарды талқылады. Өткен жылдары өздері куә болған мағызды оқиғаларды еске алды. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкоға бірге түскен суреттері альбомды сыйға тартты", – делінген хабарламада.
Видеода Назарбаев Беларусь басшысына альбомды таныстыру барысында Ресей президенті Владимир Путинмен бірге түскен фотосуретке тоқтаған.
"Бұл біз үшеуіміз", – деді Назарбаев.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік