Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды
United Airlines америкалық әуе компаниясының борт серігі ұшу кезінде туған ұлына жыныстық қысым көрсеткен гей-жолаушыны айыптады.
Бұл туралы International Business Times хабарлайды.
Оқиға Нью-Арк қаласынан Ролик қаласына бет алған сәтте болған. Генри Амадор-Баттен өзінің 5 жасар ұлымен бірге саяхаттап жүріпті.
Стюарттардың бірінің айтуынша, ер адам өзінің қолын баланың жыныс мүшесі маңына тым жақын қойып отырған. Ол бұл туралы лайнер капитанын хабардар етіп, ал капитан бұл жайлы Роли-Дерхем әуежайының полициясын құлағдар қылады. Әуе кемесі жерге қонысымен тәртіп сақшылары Амадор-Баттенді сұрақтың астына алған. Біраз уақыт тергеуден соң оны қайта босатады.
Оқиғаның бұлай өріс алғанына ашуланған Амадор-Баттен адвокат жалдап, әуе компаниясын сотқа бермек. Айтуынша компания өкілі оған хабарласып кешірім сұрапты, бірақ бұл оны қанағаттандырмайтын көрінеді. Ал әуе компаниясы болса біздің қызметкерлер оқыс жағдайдың алдын алуға тырысты деп өз қызметкерлерін ақтамақ болған.
Әуе компаниясы біраздан бері қаптаған даудың астында қалып келе жатыр. Біраз уақыт бұрын ғана United Airlines әуе компаниясының қызметкерлері заңға бағынатын, тәртіпті, емделушісіне асыққан дәрігер-жолаушыны ұшақтан түсіріп тастап, қоғамның наразылығына тап болған еді. Ал былтырғы жылдың қарашасында осы компанияның ұшағына мінген әйел қонуға жақын қалған ұшақтан секіріп кеткен болатын. Сондай-ақ, бұл компанияның ұшқыштарының тәртібі де біраз күмән тудырған еді. Глазго әуежайының полициясы мас күйлерінде ұшып кетуге әрекеттенген United Airlines әуе компаниясының екі ұшқышын тұтқындаған.
Оқи отырыңыз:
Люксембургтің бірінші “ханымы” әлем көшбасшыларының жұбайларымен кешкі ас ішті
АҚШ президенті Черногория премьер-министрін итеріп жіберіп, дөрекі қылық жасады (видео)
Қазақстан азаматтың Сеулде неден көз жұмғанын анықталды
Шетел азаматы тарауық намазынан соң ислам дінін қабылдады (видео)