Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ апаты: Дәрігерлер құтқармақ болған сәбидің жағдайы белгілі болды

Ұшақ апатынан қаза болған дәрігерлер құтқармақ болған сәби аман-сау. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыздың жағдайы жақсы», – деді телефонмен тілдесу барысында ОҚО денсаулық сақтау басқармасы, ана мен баланы қорғау бөлімінің жетекшісі Инна Глазебная.

4900 келі салмақпен дүниеге келген қыз бала қазіргі уақытта Түркістанда жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қазан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Междуречинск ауылына жақын маңда АН-28 ұшағы құлап, артынша өртеніп кетті. Әуе көлігінде болған дәрігерлер жаңа босанған анаға көмек көрсету үшін Алматыдан Шымкентке бет алған еді. Ал жаңа босанған әйел Шымкентке Түркістаннан 2 қазан күні жеткізілген.

Сәбидің өзі аман-сау болғанымен, оның анасы әлі де ауыр халде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

Талқылау