"Үш жылға дейін түрме, жүргізу құқығынан айыру": Жапонияда мас күйінде велосипед айдағандар жазалана бастады

Фото: pixabay.com
Жапонияда мас күйінде велосипед айдап ұсталған 900-ден астам адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. Полиция олардың жолда қауіп төндіруі мүмкін деп есептеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа ережелерге сәйкес, мас күйінде велосипед айдау үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе 3200 долларға (1 миллион 600 мың теңгеден аса) дейін айыппұл салуға әкеп соғуы мүмкін. Қан құрамындағы алкогольдің ең жоғары рұқсат етілген мөлшері – 0,3 промилле.
Бұған дейін мас күйінде велосипед тебуге тек айыппұл салынатын, әрі тек велосипедшінің көлікті басқаруға қабілеті жоқ кезде ғана қолданылатын.
Енді санкциялар тек мас велосипедшілерге ғана емес, оларға алкоголь сататындарға және мас күйідегі жолаушыға жалға беретіндерге де қатысты болады.
Қатаң шаралардың енгізілуі пандемиядан кейін велосипедтердің танымалдылығының артуымен байланысты. Бұл өз кезегінде велосипед қатысатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.
2026 жылғы сәуірде Жапонияда қолшатырмен жүруге тыйым салу, қозғалыс кезінде смартфон қолдануға тыйым және түнде жарықтың болмауы сияқты тағы бірнеше жаңа ережелер енгізілуі жоспарланып отыр.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?