Үш өңірде арзандады: Қазақстанның қай қалаларында пәтер бағасы төмендеді
Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама тұрғын үй нарығында пәтер бағасы біршама төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап тұрғын үй бағасы айына орта есеппен 1% қымбаттаса, қазір өсім небәрі 0,4%.
Елімізде пәтер құны Тараз мен Қостанайда 2,2%, Ақтөбеде 2,1% жоғарылады.
Ал ірі қалаларда керісінше баға төмендеді. Мәселен, Шымкенте жылжымайтын мүлік нарығындағы шаршы метрдің құны минус 2,7% болды. Алматыда пәтерлер 0,6%, Атырауда 0,4% арзандады.
Бірақ бір жыл ішінде баспананың орташа бағасы 6% өсті. Жылдан жылға баға төмендеп келе жатқан жалғыз қала Қарағанды, онда пәтерлер 1,4% арзандады.
Елдің басқа елді мекендерінде өсім байқалады. Мәселен, Ақтау қаласында жылжымайтын мүлік бағасы 17,8% өсті.
Астана, Орал, Петропавл және Қостанай қалаларында өсім 9,4-тен 11,3%-ға дейін болды. Алматыда қайталама тұрғын үй құны бір жылда 4,2%, Шымкентте 6,2% өсті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың ақпан айындағы Қазақстандағы тұрғын үй бағасының индексі мен құны туралы мәліметтерді жариялаған еді.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
