Үш кандидат президент сайлауына қатыса алмайды – Орталық сайлау комиссиясы
Орталық сайлау комиссиясы үш кандидаттың Қазақстан президентіне қойылатын талаптарға сай келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайролла Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ екені анықталды. Сонымен қатар Қазақстанда тумаған. Оның кандидатурасын "Асар" Оралмандар бірлестігі" ұсынған еді.
"Қазақстан Құрылысшылар одағы" атынан саяси додаға түспек болған Талғат Ерғалиев те қойылатын талаптарға сай емес. Кандидат мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеуі керек, ал Ерғалиев мемлекеттік қызметте тек 3,5 еңбек еткен.
Фатима Бизақова президент сайлауына кандидат ретінде тіркелмеді. Себебі мемлекеттік қызметте еңбек өтілі жоқ. Бизақова "Практикалық психология" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"