"Үш бөлмелі үйдің құны": "Реал Мадридтің" супер жұлдызы Мбаппенің Қазақстанға киіп келген образы қанша тұрады
Фото: Видеодан скриншот
Әлемге әйгілі “Реал Мадрид” футбол клубының ойыншыларының бір күндік образдарының бағасы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брендке қатысты контент түсіретін блогер Жансая Әміршәріпқызы жұлдызды ойыншылардың киімдерінің бағасын көрсетті.
“Барлығы асыға күткен Килиан Мбаппенің толық образы Луи Витон брендінен. Футболкасы – 350 мың теңге, шалбары – 656 мың теңге, күртешесі – 2 миллион теңге, аяқ киімі – 651 мың теңге. Бәрінің назары түскен чемоданы – 2 миллион 356 мың теңге. Арқасына асып алған сөмкесі – 1 миллин 716 мың теңге. Ол DIOR брендінен алынған. Сағатының құны – 29 миллион 500 мың теңге. Барлығы 37 миллон теңгеден асады”, – деді сән әлемінің блогері.
Желі қолданушылары сүйікті спортшысының образын қызу талқылап жатыр.
“Алматыдағы үш бөлмелі үйдің құны”, “Курткасын сатып, кредит жабуға болады”, “Осынша ақшаны киімге жұмсайтын бай ма?!”, “Қайрат” командасының образын есептеп көрші”, “Мына ақшалар миға сыймай жатыр”, “Өздеріне мұндай қымбат емес шығар”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Реал Мадридтің" жұлдыз ойыншысы Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездескен еді.
“Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Реал Мадрид ойыншыларының Орталық стадиондағы жаттығуына Санжар есімді Мбаппенің кішкентай жанкүйерін шақырғанын мәлімдеді.
“Бүгін өзінің сүйікті командасын, әсіресе Килиан Мбаппені көруді көптен бері армандаған Санжарды Реал Мадрид жаттығуына шақырдым. Санжар өзінің кумирімен кездесіп қана қоймай, бүкіл командамен көрісті: ойыншылар оны жылы қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба берді”, – делінген жазбада.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
