Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш әйел ыстық суға күйіп өлген: Көкшетаудағы қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі – үй иесі, зейнет жасында. Ал қыдырып келген оның қос құрбысы 50 және 56 жаста, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

пәтер

Көз жұмған үш әйелдің де денесінің басым бөлігін күйік шалып, құтқаруға мүмкіндік болмаған. Қазір оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр.

“Біз алдымен 109-ға хабарластық. Бірақ олар бізге басқа жауапты мекемелерге хабарласуымызды сұрады. Осылайша, біз таңғы 4-5 ке дейін тек телефонда жауап күттік. Көршілердің жарығы жанып тұрғасын, терезесі мен есігін қайта-қайта қақтық. Бірақ ешкім ашпады. Ал тиісті сала мамандары келгенше ыстық су барлық дәлізді алып кетті”, – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Жанна Көкешева. 

Полиция мәліметінше әйелдердің өліміне күйіктен алған шок себеп болған. 

“Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Алғашқы медициналық қорытындыға сәйкес, әйелдердің өліміне күйіктен болған шок себеп болып отыр. Медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – деді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Талқылау