Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш адамның жағдайы ауыр: Францияда балара үйірі адамдарға шабуылдап, жиырмадан астам адамды шағып алған

Аралар ұшып жүрФото: pixabay.com

Францияның Орийак қаласында балара үйірі адамдарға шабуылдап, 24 адамды шағып алған. Оның ішінде үш адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BFMTV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі, 6 шілде күні Орийакта жүргіншілерге бірнеше минут бойы аралар шабуылдап, жиырмадан астам адамды шағып алған. Барлығы 24 адам зардап шекті, оның үшеуі ауыр халде жатыр.

Ара өсіруші Валид Лулиди мұндай жағдай өте сирек кездесетінін айтады.

"Жабайы аралардың мінезі жаман, олар тамақ үшін өлтіреді. Ал баларалар, керісінше, қорғануға бейім келеді және вегетариан", – дейді маман.

Кейбіреулер баларалар азиялық бүгелектердің шабуылына осылай жауап қатқан болуы мүмкін деп болжаған, алайда сарапшы бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр.

"Бұлай болуы екіталай. Азиялық бүгелек Францияда 20 жылдан бері тіршілік етеді. Бірақ баларалардың үйірімен ұясын тастап, бүгелектерге қарсы шабуылға шығуы екіталай", – деді ол.

Маманның айтуынша, баларасының үйірімен шабуылдауына белгісіз фактор әсер еткен, соның кесірінен аралар жақын маңдағы барлық нәрсені шаға бастаған.

Тағы бір ықтимал себеп, сарапшының пікірінше, Францияда тіршілік ететін ара тұқымының өзгеріске ұшырауы. Қара аралар өнімділікті арттыру үшін сырттан әкелінген түрлермен будандастырылып, агрессивті мінезге ие болған болуы мүмкін. Уақыт өте келе будандастыру мінез-құлық ақауларына, соның ішінде агрессияға әкеп соқтыруы мүмкін.

"Ара шабуылдағанда, ешқашан үрейге бой алдырмау керек, бірақ тезірек бой сауғалайтын жер табу керек. Қалада тығылу қиындау, ал ауылды жерде араларды адастырып кету үшін бұта арасына жасырынуға не суға сүңгіп кетуге болады", – деп кеңес берді Лулиди.

Оның айтуынша, ара шабуылдамақ болса, адам оған қарсы тұра алмайды.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 11:17
Талқылау