Ұрыс-керіс шаршатты: Бір топ көрермен Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жауып тастауды ұсынды (фото)
Былтыр ана атанып, сәбиін құшағына басқан Аша Матай декреттік демалыста ұзақ отырмады. Сәбиі 6 айдан аса салысымен Арман Қоңырбаевтың келіншегі жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Қазіргі таңда Аша Бірінші арнадан көрсетілетін танымал бағдарламаны жүргізіп жүр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аша тізгінін ұстаған «Қалаулым» бағдарламасы аз уақыттың ішінде рейтингі жоғары шоулардың қатарына еніп үлгерген. Алайда халық арасында бағдарламаны сүйіп тамашалайтын көрермен көп болғанымен, даттаушылар қатары одан кем түспейді.
Бір топ көрерменнің айтуынша, айқай-шуға әрі өсекке толы бағдарламадан қазақтың алары жоқ. Әрі үлгілі отбасының шамшырағына айналған Ашаға дәл мұндай шоуды жүргізген жараспайды деп сынап жатыр жұрт.
«Аша ханым, мына тікелей эфир Қалаулымды тоқтатыңыз, ұят, қазақтың атына кір келтіріп отырсыз», – деп жазады көрерменнің бірі.
«Бағдарлама дұрыс емес, біреудің шынайы сезімін жұртқа жаюдың қажеті жоқ, бақыт тыныштықты жақсы көреді», – деп қоштады екіншісі.
«Аша ханым, Қалаулымды жауып тастаңыз, нәтиже жоқ, ұрыс-керіс, қатысушыларды мәдениет, ұстамдылық жоқ, керек емес бағдарлама», – деп сынады үшінші көрермен.
Иә, бұл желіде ең мәдениетті деген оқырмандардың пікірі! Өзге жандардың пікірін цензуралық себеппен жариялай алмаймыз!
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Сейітмағамбет: Тоқал болып күйеуге шыққан жалғыз мен бе?
Мөлдір Әуелбекова “шалға күйеуге шықты” деп сынағандарға жауап берді
Нұртас Адамбай Нью-Йорк полициясының мәдениеттілігіне қайран қалғанын жеткізді