Универсиада-2025. Қазақстан Туриндегі ойындардың соңғы күнінде медаль жеңіп алды
Ерлер құрамасы шорт-трек бойынша Қазақстанға 2025 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиаданың соңғы күнінде қола медаль әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: пресс-служба Союза конькобежцев Казахстана
5000 метрлік эстафета сайысында қазақстандық шорт-трекшілер 7:03,776 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды. Отандастарымыз жеңімпаз командадан 6,732 секундқа қалып қойды. Алтын медальді Қытай құрамасы (6:57,044) еншілесе, күміс жүлдені Жапония құрамасы (6:57,327) жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы сапында Санжар Жанысов, Әлішер Әбілқатымов, Валерий Клименко, Айбек Темірхан және Дінмұхамедалдияр Тәжібай өнер көрсетті.
Бұл медаль Қазақстан үшін Турин Универсиадасындағы 14-жүлде болды. Ел қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

