Универсиада-2025. Қазақстан құрамасының спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Италияның Турин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Универсиадада тағы екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж
Парашаңғышылар арасындағы 1400 метрлік спринт жарысында Роман Құрбанов мәреге үшінші болып жетіп, қола медальді еншіледі.
Дәл осы сайыста тағы бір қазақстандық спортшы Денис Зинов күміс медальді жеңіп алды.
Денис Зинов Қазақ спорт және туризм академиясының студенті. Ал Роман Құрбанов қазіргі таңда Қостанай колледжінде білім алуда.
Айта кетейік, бұған дейін қос спортшы қысқы Универсиада-2025 ойындарында жүлде еншілеген еді. Жарыстың үшінші күні парашаңғышылар арасында 10 км еркін жүріс стилінде Денис Зинов күміс медаль алса, Роман Құрбанов қоланы қанағат тұтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
