"Психологиялық күйіне алаңдаймын": Алматылық әйел баласы буллинг жасалғандықтан мектепке барғысы келмейтінін мәлімдеді
Алматыда жасөспірімнің анасы баласының әлімжеттік жасалуына байланысты мектепке барудан бас тартқанын айтты. Алайда әйел баланы басқа мектепке ауыстырғысы келмейді. Жеткіншектің анасы бала өз бетімен қиындықты жеңе алмайды деп қорқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеокадрдан скриншот
Оқушының анасы Ұлжан Сейтбекованың айтуынша, қаладағы 81-мектеп-гимназияның 8-сынып оқитын баласы үш жылдан бері қорлық пен қудалаудың азабын тартып келеді.
"Оқу үлгерімі жақсы, бірақ жасөспірім моральдық тұрғыдан депрессияға ұшырайды және үнемі күйзелісті бастан кешіреді. 1 қыркүйектен бастап мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартты. Жаңа оқу жылы басталғанда оған тағы да әлімжеттік жасала ма деп қорқамын. Қазір бұл шешілмесе, әрі қарай ушығып, балам қатты күйзеліске түсуі мүмкін. Баламның психологиялық күйіне алаңдаймын. Өкінішке қарай, мектеп басшылығы да, ешкім де шара қолданып жатқан жоқ. Талай рет шағым түсірдік", – деді жәбірленушінің анасы.
Ал №81 мектеп-гимназиясының директоры Нәзіра Садықова барлық мәселе шешімін табатынына сендірді.
"Буллинге қатысы барлық оқушының ата-анасымен сөйлестім. Мен оларды әртүрлі сыныптарға бөлдім. Енді біз болашақта дауды толығымен болдырмау үшін жасөспірімдерді татуластыруға тырысамыз. Наурыз айынан бастап директор болып, содан бері жиындар өткізіп жүрмін. Біз жағдайдан шығу жолдарын іздейміз және барлық мәселені кезең-кезеңімен шешеміз", – деді мектеп директоры.
Әйелдер мен балалардың құқығын қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес, жасөспірім агрессорлардың ата-аналары айыппұл төлейді, ол 10 АЕК (36 мың теңгеден сәл артық). Қайталанатын құқық бұзушылықтар үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Ұлттық денсаулық сақтау орталығының талдауына сәйкес, ұлдар мен қыздардың 7% қорқытуды бастан кешірген.
- "Тісі мен көзілдірігін мазақ қылған": 10 жасар бала мектептегі буллингке шыдамай, өзіне қол салды
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны Павлодардағы кадет училищесінен бір жарым миллион теңге өндіріп алғанын жаздық. Бекжан Әлімов 2020 жылдың қаңтарында 16 жасында Павлодардағы Химгородок ауданындағы теміржол көпірінен секіріп, өзіне қол салмақ болған. Себебі кадет мектебінде буллингке ұшыраған. Жігіттің айтуынша, ол білім беру мекемесінде қорлық көрген.