Үндістандағы ұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Фото: X/trichymetro
Air India әуекомпаниясы Гуджарат штатында болған Boeing 787-8 ұшақтарының жанармай сөндіргіштерінен ешқандай ақау таппады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өткен аптада Boeing 787 Dreamliner ұшағының апатын зерттеп жатқан тергеушілер ұшақ апатқа ұшырамас бұрын қозғалтқыштардағы жанармай өшіру тетіктері өшіп қалғанын анықтаған еді. Соның кесірінен қайғылы жағдай болды деді.
"Air India компаниясы барлық Boeing 787-8 ұшағындағы жанармайды өшіру механизміне техникалық қызмет көрсету тексерулерін аяқтады және ешқандай ақау таппады", – делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған едік. Ұшақ апатынан 249 адам көз жұмып, тек бір жолаушы тірі қалды.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті