Үндістанда жойқын лай көшкінінен кейін жүзге жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Үндістанның солтүстігінде кенеттен болған су тасқыны мен көшкін салдарынан шамамен жүз адам із-түзсіз жоғалып кетті. Кемінде төрт адамның қаза болуына байланысты ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістанның Гималай аймағындағы қалада лай көшкіні болды. Өзен аңғарында бірнеше ғимарат қирап, төрт адам қаза тапты, тағы шамамен 100 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Жергілікті БАҚ таратқан бейнежазбалардан лай су ағынының Уттаракханд штатындағы туристік аймақ — Дхаралидегі тұрғын үйлерді шайып кеткенін көруге болады. Бірнеше адам жол бойымен қашып бара жатқан. Алайда олар ғимараттардың қирандылары мен ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен көшкіннің астында қалды.
Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами құтқару топтары “әскери режимде” жұмыс істеуге жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Қалаға 150 әскери қызметкер жіберіліп, олар лай көшкіні астында қалған 20-ға жуық адамды құтқарып алды. Қаланың бір бөлігі үйінді астында қалды. Кей жерлерде лайдың биіктігі үй шатырларына дейін жеткен.
"Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, қолда бар барлық ресурстар қалған адамдарды іздеп табуға және эвакуациялауға жұмылдырылды”, — деді әскер өкілі Сунил Бартвал.
Су тасқыны қатты нөсер жаңбырдың салдарынан, ойда-жоқта басталған. Үндістанның метеорологиялық басқармасы бұл аймаққа қызыл деңгейлі қауіп туралы ескерту жариялады. Уттаракхандтың кейбір бөліктерінде жауын-шашын көлемі шамамен 21 сантиметрге жеткен.
“Көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз”, — деді Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып.
*Disturbing footage*
— Volcaholic 🌋 (@volcaholic1) August 5, 2025
🚨More video of the horrific flash flood and landslide that hit Dharali village near Harsil, India. Half the village was swept away.
At least 4 are dead, over 50 missing. Rescue efforts by the Army, SDRF, NDRF, and locals are underway. pic.twitter.com/ErsbB6YpeI

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
