Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ұшақ құлаған жатақханада зардап шеккендер жайлы ақпарат белгілі болды

Фото: Ana Sayfa/Dünya

Air India ұшағы құлаған сәтте медицина колледжінің жатақханасында болған бес адам қаза тапты, тағы шамамен 50 жергілікті тұрғын жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі үндістандық Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолаушылар ұшағының бір бөлігі Ахмадабадтағы медицина колледжінің жатақханасындағы асхана шатырына құлаған. Сол сәтте ғимарат ішінде студенттер болған. Апат салдарынан бес адам қаза тапты. 50-ге жуық адам зардап шегіп, ауруханаларға жеткізілді. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Оқиға орнында жүрген полиция қызметкері кем дегенде 240 адамның қаза тапқанын растады. Жергілікті ауруханаға 186 адамның мәйіті жеткізілгені белгілі болды. Ахмадабадтағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың нақты саны тек ДНҚ сараптамасы жүргізілгеннен кейін ресми түрде жарияланады. Бұл туралы Үндістанның барлық медицина қауымдастықтары федерациясының вице-президенті Дивьянш Сингх мәлімдеді.

“Мәйіттердің көбі адам танымастай болып күйіп кеткен", – деді Ахмадабад қаласының аға полиция офицері Видхи Чаудхари.

Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Hindustan Times басылымы оқиға орнынан қара жәшіктің (ұшақтың борттық жазу құрылғысы) табылғанын хабарлады.

Айым Болатқызы
Жұма, 13 Маусым, 2025 10:49
Талқылау