Үндістанда туған "үшбасты" сәби дәрігерлерді таңғалдырды
Үндістанда үшбасты сәби өмірге келді. Сәби сирек кездесетін дертке шалдыққан.

Қыз бала 11 шілде күні Уттар-Прадеш штатында өмірге келді. Дәрігерлер балада энцефалоцеленді анықтады. Ол бас сүйегі мен мидың туа біткен ақауы, миының бір бөлігі бас сүйегінің сыртында орналасқан.
Сүйек тіні дұрыс бітпегендіктен қыз баланың бір қарағанда үш басы бар секілді көрінеді.
Дәрігерлер анасының жүктілігі қалыпты өткенін айтады. Қазір сәбидің дұрыс жетілмеуіне не себеп болғанын мамандар анықтап жатыр.
"Бұл өте сирек кездесетін дерт", - деді ұйымның бақылаушы өкілі Раджеш Тхакур.
"Баланың денесі толық жетілмеген. Біз тексеруден өткізіп, сосын ота арқылы баланың бастарын ажыратамыз", - дейді дәрігерлер.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"