Үндістанда коронавирустың тағы бір штаммы тіркелді
Үндістанның Махараштра штатында "дельта плюс" деп аталатын коронавирус штаммының жаңа түрі анықталды. Оны 20 адам жұқтырып үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

India TV телеарнасында медициналық білім беру және зерттеулер бөлімінің басшысы доктор Лахан коронавирустың жаңа мутациясының пайда болғанын мәлімдеді.
“Біз “дельта плюсті” Нави-Мумбай, Палгаре және Ратнагириден таптық. Осыдан кейін талдауға тағы бір үлгілерді жібердік және есептерді күтеміз", – деді ол.
Ратнагири портында жаңа штаммды 5 адам жұқтырды, бұл ретте екі науқаста ешқандай белгілер болған жоқ. Коронавирусты таратпау үшін билік мутация табылған жерлерде оқшаулау аймақтарын құрды және бұғаттады.
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған