Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасқыр баланың мойнынан тістеп, айдалаға алып кеткен

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында адам жейтін қасқыр жеті жасар балаға шабуыл жасады. Жыртқыш аң баланың мойынан тістеп, үйінен алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі India Today порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Анасының айтуынша, қасқыр түнде үйге басып кіріп, баланың мойнынан тістеп, сыртқа сүйреп шыққан. 

"Мен оны құтқаруға тырыстым, қасқырдың аяғын тартып алдым. Бірақ бұл еш нәтиже бермеді", – дейді ол.

Қасқыр баланы 200 метрдей сүйреп, айдалаға алып кеткен. Ананың айғайын естіп жиылған ауыл адамдары қуып жетіп, аңды үркітіп үлгерді. Ол баланы тастап, қашып кеткен. Бала аман қалып, ауруханада 13 күн жатты. Қасқыр шабуылынан оның бетінде, мойнында және басында тыртық қалыпты.

Биыл көктемнен бері азиялық қасқырлар үйірі Бахрейч ауданының тұрғындарын тығырыққа тірегені туралы айтылған еді. Шабуылдар наурыз айында басталды, соңғы апталарда жағдай күрт өзгерді. Қасқырлар тоғыз адамды жемтікке айналдырды.



Еске салайық, Ямайканың Фалмут қаласында 16 жастағы жасөспірім үлкен ақ акуланың құрбаны болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыш жасөспірімнің басынан тістеп, денесін жұлқылаған. Марқұмның әкесінің сөзінше, ұлы ата-анасының рұқсат бермегеніне қарамастан, су астында балық аулауға кеткен. Келесі күні жергілікті балықшылар мен сүңгуірлер оны іздеуге шыққан. Мектеп оқушысының басынан өткен қайғылы оқиғадан кейін балықшылар акуланы қолға түсіріп, өлтірмекші.

Талқылау