Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Үндістан Пәкістаннан ұшатын рейстерге әуе кеңістігін жауып тастады

Фото: Ru.freepik.com

Үндістан билігі Пәкістанмен әуе қатынасын 23 мамырға дейін толық тоқтатуды бұйырды. Бұған дейін Исламабад да дәл осылай Үндістан үшін әуе кеңістігін жапқан еді. Екі ел арасындағы шиеленіс күшейіп барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты 30 сәуір күні Үндістан үкіметі пәкістандық әуе компаниялары үшін әуе кеңістігін толықтай жабу туралы шешім қабылдады. Үндістан осылайша Пәкістанның Үндістаннан ұшқан ұшақтарға тыйымына жауап берді. Жаңа шектеу бірден күшіне еніп, 23 мамырға дейін жалғасады.

Сол күні таңертең Пәкістан үкіметі Үндістанды алдағы 24-36 сағат ішінде өз аумағына әскери соққы жасауға дайындалып жатыр деп айыптады. Пәкістанның ақпарат және телерадио хабар тарату министрі Аттаулла Тарар мұны "сенімді барлау деректеріне" сүйене отырып мәлімдеді. Оның сөзінше, шабуылға Кашмир аймағында Үндістанға қарасты туристік Пахалгам қаласында болған қарулы шабуылды сылтау етуі мүмкін.  

"Кез келген агрессиялық әрекетке қатаң жауап береміз. Аймақтағы кез келген ауыр салдарға Үндістан жауап береді" – деп жазды Тарар X әлеуметтік желісінде.


Үндістан Пәкістанмен соғыс жағдайы шиеленіскен соң өз зымырандарын сынақтан өткізді


Үндістан-Пәкістан арасындағы қақтығыс қашан басталды, оған не себеп?


Үндістан бұған дейін өзен суын бөлуді реттейтін 1960 жылғы Инд сулары туралы келісімнен шығатынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар пәкістандықтардың визаларын алып тастап, өз азаматтарын көрші елден кетуге шақырған. Нәтижесінде 800-ге жуық Пәкістан азаматы Үндістаннан кетіп, 1500-ге жуық үндістандық үйлеріне оралды.

Еске салайық, Пәкістан билігі Үндістанмен соғыс болмай қоймайтынын айтқан еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 10:29
Талқылау