Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік тегін виза береді

Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік тегін виза бередіФото: Tourcode.kz

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуге бағытталған жаңа шараны жариялап, 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бастама туристтерді арттыруға және екі ел халқының байланысын кеңейтуге бағытталған.

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшісі Ю.К. Сайлас Тангал Астанада Үндістан Республика күніне арналған 77 жылдық мерейтойлық қабылдау барысында айтты.

Елшінің айтуынша, тегін виза Қазақстан азаматтарына Үндістанға туристік мақсатта, емделу үшін және ілесіп бару мақсатында келетіндерге беріледі. Визалар 30 күнге дейінгі мерзімге рәсімделеді, өтінішті онлайн платформалар арқылы да, Үндістан елшілігіне жеке барып та беруге болады.

Бұл қадам екіжақты туризмді одан әрі ынталандырады деп күтіледі. Елші Тангалдың сөзінше, 2025 жылы Қазақстанға шамамен 250 мың үнді туристі келген, бұл екі нарық арасындағы қызығушылық пен өзара байланыстың артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін үндістандық ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 21:41