Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үмітпен қарап тұрды": Каспий жағалауында мойнынан ауыр жараланған итбалықтың видеосы тарады

Видеодан скрин

Ақтауда Каспий теңізінің жағасында мойнынан терең жарақат алған итбалықтың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

1 маусым күні Каспий жағалауында демалушылар жараланған итбалықты байқаған. Куәгерлердің айтуынша, ол көмектесуді сұрағандай, жағалауға жақындап келді.

"Біз дереу 109 қызметіне қоңырау шалдық. "Жедел келіңіздер, итбалық ауыр жараланған" деп хабарладық", – дейді куәгерлердің бірі Жұлдыз Дүзмағамбетова.

Алайда ол күні көмек келмепті. Тек келесі күні, 2 маусымда ғана 109 қызметінен Жұлдыз Дүзмағамбетоваға мамандар жақында ғана шыққаны хабарланған. 

Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы, оқиға орнына баруға жедел әрекет жасалғанын растады, бірақ мамандар итбалық туралы мәлімет алған кезде күн батып үлгергендіктен, оны таба алмапты.

"Qazaq Balyk" қауымдастығының өңірлік бөлімшесінің басшысы Данияр Әкімжановтың айтуынша, белкенің мойнындағы жара – браконьерлердің ісі емес. Оның пікірінше, бұл зақым катер немесе кемемен соқтығысудан кейін пайда болған болуы мүмкін. Өйткені жара тым терең. Зооқорғаушы Қызыл кітапқа енген жануарға дер кезінде және тиісті көмек көрсетілмейтіне алаңдаулы.

"Неліктен Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы Ақтауда емес? Неліктен ол тәулік бойы жұмыс істемейді? Неліктен теңіз түбін еріктілер тазартады, ал бұл міндет мұнай компанияларына жүктелген емес пе?" – дейді сарапшы.

Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы да оқиға болған түні олардың қызметкері оқиға орнында болғанын, алайда итбалықты таба алмағанын хабарлады. Келесі күні, 2 маусымда, қайта бақылау жүргізілген, бірақ жараланған итбалық тағы да табылмаған. Мамандардың болжамынша, ол теңізге қайта оралған болуы мүмкін.

Араға екі күн салып, тұрғындар итбалықты "Sunset" демалыс аумағының маңынан қайта байқапты. Ол тағы да адамдарға қарай жүзіп шыққан. Куәгерлер бірден 109 нөміріне хабар беріп, олардың өтініші балық шаруашылығы басқармасына жолданған.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл жолы да көрсетілген аумаққа мониторинг жүргізілген, алайда итбалық табылмады. Тіпті іздеу жұмыстарына катер де тартылған, бірақ одан да нәтиже шықпапты.

9 маусымдағы жағдай бойынша, жараланған итбалықтың тағдыры белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда жағалаудан екі мыңнан астам итбалықтың өлексесі табылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 19:47
Талқылау