Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді
Жүздеген әндердің авторы, талай жұлдыздың жарығын жаққан белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов өзінің өкіл ұлы Димаш Құдайбергеновке ән жазып берді. Ал ән мәтіні елімізге белгілі музыкалық арнаның бас продюсері Тимур Балымбетовке тиесілі.
Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.
Өмір мен өнер жолы туралы сыр шертетін туынды ағылшын тілінде жазылған. Мұндай ұсынысты мәтін авторына композитор Жолдасовтың өзі түсірген.
“Ұлықпан аға хабарласып, өмір, өнер жолы туралы әнге сөз жазып беруімді сұрады. Мен де лезде кірісіп, аяқтаған соң Ұлықпан ағаға аудармасын көрсеттім. Ол кісі де ұнатып: “Осы мағынасында қалсын”, – деді. Өте әдемі мелодия, диапазон жағынан да әсем, аранжировкасы ерекше”, – дейді Балымбетов.
Алайда Балымбетов әннің қалай аталатынын құпияда қалдырды. Жаңа туындыны Димаштың өзі де тыңдап үлгерген. Енді оны қазақ әншісінің орындауынан еститін боламыз.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш 50 жастағы қарсыласын көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды
Желіде Димаш пен Джеки Чан кездесуінің бейнежазбасы пайда болды (видео)
«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда
Димаш Құдайбергенов қытайлық жанкүйерлерін “Шырақтар” мерекесімен құттықтады