Ұлыбританияның көп балалы отбасында 19-сәби өмірге келді (фото)
Британдық ерлі-зайыпты Сью мен Ноэль Рэдфорд 19-сәбиін өмірге әкелді. Олардың үлкен баласы 27 жаста. Олар 20 баланың ата анасы болғанын қалайды, деп жазады Daily Mail.
Ерлі-зайыптылардың өз жеке кәсібі бар. Олардың тәтті тоқаштар пісіретін наубайханалары бар.
Крис (27 лет), Софи (22), Хлой (21), Джек (19), Дэниел (17), Люк (15), Милли (14), Кэти (13), Джеймс (12), Элли (11), Эйми (10), Джош (9), Макс (7), Тилли (6), Оскар (4), Каспер (3) и Хэлли (13 айлық)
Сью алғаш рет 14 жасында құрсақ көтерген. Тұңғышы өмірге келген соң олар 4 жылдан соң үйленген.
Әкесі жұмысқа таңертең сағат 5-те кетіп, кешкі 11-де оралады. Оған үлкен балалары көмектеседі. Жұбайы үйінде қалып балаларына қарайды.
Олар аптасына тамақтану үшін 394 доллар жұмсайды. Бұдан бөлек 10 литр сүт, 3 литр сок, күнделікті алатын 3 қорап қауыз бар.
Олардың үлкен қызы Рэдфорд тұрмысқа шығып, бүгінде үш баланың анасы атанған. Ол күйеуі екеуі әкесінің жұмысына қолғабыс етеді.
Жіберіп алмаңыз:
Көп балалы анаға жергілікті әкімшілік емес, діндарлар екі бөлмелі контейнер сыйлады
23 жасар қызылордалық еліміздегі ең жас көпбалалы ана атанды